
№ 7 · Respublica партиясы
• Қаласы: Көкшетау. Ақмола облысы Зеренді ауданының Қараөзек ауылында туған. • Жасы: 42 жаста (1983 жылы 9 қыркүйекте туған). • Білімі: Абай Мырзахметов атындағы университетті «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. • Мамандығы: Оқпен ату бойынша паралимпиадашы спортшы, халыққа қызмет көрсету мамандандырылған орталығының маманы. • Қазіргі лауазымы: Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорттық дайындық орталығының спортшысы. 2014 жылдан бері Көкшетау мамандандырылған ХҚКО-да жұмыс істейді. • Бұрынғы лауазымдары: 2007 жылға дейін құрылыс саласында жұмыс істеген; салынып жатқан ғимараттың 12-қабатынан құлап, мүгедектіктің бірінші тобын алған және оңалтудан өткен; паралимпиадалық оқпен атумен 2021 жылдан бері айналысады. • Партиядағы өтілі: Respublica партиясы тізіміндегі кандидат. Партиядағы өтілінің ұзақтығы көрсетілмеген. • Депутат болған ба: Депутаттық қызметі туралы дерек жоқ. • Немен танымал: 2024 жылы Парижде өткен Паралимпиада ойындарында 10 метрден тұрып пневматикалық мылтықпен ату, SH1 сыныбы бойынша күміс жүлдегер; 2024 жылы Оңтүстік Кореядағы Әлем кубогінің жеңімпазы және Нью-Делидегі Әлем кубогінің күміс жүлдегері; 2024 жылы «Парасат» орденімен марапатталған.